Түркістанда шахматтан «Senat Open» турнирі басталды
Түркістанда шахматтан Парламент Сенатының «Senat Open - 2025» ашық кубогының іріктеу кезеңі басталды.
Турнирге облыстың 17 ауданы мен қаласынан жүзден аса спортшы қатысып жатыр. Ойыншылардың арасында ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Ойын шартына сәйкес, қатысушылардың Эло рейтингінің деңгейі екі мыңнан төмен болуы керек. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 25 ойыншы жартылай финалда Түркістан облысының намысын қорғайды.
Мұрат Қадырбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жастарды осы спорт түріне баулуға, зияткерлікті дамытуға және де азаматтарымыздың интеллектуалдық ойлау қабілетін дамтыуға бағытталған осындай спорт түрін қолға алып, осындай жұмыстар атқарылып жатыр.