Елордада әскери шаңғышылар жарысы өтті. Спорт жаңалықтары
Әскери спорттың әлеуетін арттыру мақсатында Астананың орталық саябағында шаңғы спортынан ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында жарыс өтті.
15-ші қысқы спартакиада аясында ұйымдастырылған сынға 150-ден аса әскери қызметкер және 40-қа жуық команда қатысты. Үміткерлер үшін ауа райы да қолайлы болды. Сондықтан болар 1000 және 2500 жарысқан әскерилер бар жылдамдықтарын көрсетіп жеңімпаздар тек соңғы сәттерде ғана анықталып жатты. Жалпы командалық есепте 1-ші топта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдер орталығы жеңімпаз атанды. Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы екінші орыннан көрінсе, үштікті ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеке құрамның дене шынықтыру дайындығын күшейтіп, әскери қызметкерлердің спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғасын табады, - дейді мамандар.