«Хабар» арнасында «Не туристы» бағдарламасы көрерменге жол тартады
«Хабар» арнасында жаңа телеөнім. «Не туристы» бағдарламасы көрерменге жол тартады. Мұнда бағдарлама жүргізушілері мигрант рөліне еніп, Еуропаның және де Азияның алдыңғы қатарлы елдерінде баспана іздеп, жұмысқа тұрып көреді. Оларға әр мемлекетке екі күн уақыт беріледі. Түрлі қиындықтарды басынан өткеріп, экономикасы дамыған мемлекеттердің шын мәнісінде қандай екендігін көрсететін болады. Қызықтан құр қалмау үшін 7 желтоқсаннан бастап әр сенбі сайын сағат 11:00-де «Хабар» арнасын қосуды ұмытпаңыздар.