Хабар телеарнасы

Таза Қазақстан: Алматы облысында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Аталған іс-шараға жалпы саны 20 мыңға жуық адам қатысты. Олар саябақ, гүлзарлар мен тас жолдардың бойын тазартып, ауыл ішін абаттандыру жүргізді. Жамбыл ауданында республикалық экологиялық акция аясында 4 мың 800 түп көшет отырғызылған. Қазан айында тағы 5 мың түп тал-терек егіледі. Бүгін «AMANAT» партиясының өкілдері «Ұзынағаш-Қарғалы» тас жолының бойын қоқыстан тазартты. Оған 50-ден астам адам қатысты. «Таза Қазақстан» акциясын жергілікті тұрғындардың қызу қолдағанына қуаныштымыз. Ол жас ұрпақты экологиялық мәдениетті сақтап, қоршаған ортаны таза ұстауға баулиды»,— дейді Жамбыл ауданының экобелсенділері. 

Зинаш Күштекова, Жамбыл ауданының тұрғыны:

-Бірінші ауылдан, өзімізден, қаладан бастап экологиялық таза болуымыз керек. Экологияға үлкен көңіл бөлуіміз керек. Қаншама адамдар жұмыс істеп жатыр. Жалғыз біз емес, барлық 24 ауылдық округте осындай «Таза Қазақстан» акциясы жұмыс жасап жатыр.