Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан»: Қарағандыда мың түп көшет отырғызылды

Қарағанды қаласындағы белсенділер саябаққа мың түп көктерек отырғызды. Аумағын жинастырып, қоқыстан тазартты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс аумағына 130 мыңнан астам ағаш егілген. Дені үйеңкі, қарағай, қарағаш көшеттері.

Сәкен Келдібаев, қала тұрғыны:

- Көктеректің айырмашылығы мұнда мамық болмайды. Адамдарға жайсыз жағдай жасалмайды. Және осы көктерек осы Қарағанды өңіріне, Орталық Қазақстанға бейімделген. Біздің табиғатымызға, топырағымызға.