Хабар телеарнасы

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы қоқыстан тазартылды

Жалпыхалықтық «Таза Қазақстан» акциясы аясында коммуналдық сала жұмысшыларына студенттер мен әкімдік өкілдері қолғабыс етті. Олар аулалар мен көшелерді сыпырып, шашылған ағаш жапырақтарын жинастырды. Және ирригациялық жүйелерді де қалдықтардан тазартты.

Ахайша Байымбетова, тұран аудандық коммуналдық мекемесінің жұмысшысы:

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында бізге басқа мекемелерден көмекке келеді. Мысалы, студенттер келеді, әкімшіліктен адамдар келеді. Көмек келгеннен кейін әрине, бізге жеңіл. Жұмыс жеңіл болады. Адам көбейген сайын жұмыс жеңілдей түседі ғой.