Қостанайлықтар өздері тұратын үйлердің аумағын абаттандыруға кірісті
Қостанай халқы «Таза Қазақстан» науқаны аясында өздері тұратын үйлердің аумағын абаттандыруға кірісті. Қоршауларды бояп, гүл отырғызып, аулаларды қоқыстан тазартты. Жалпы облыс орталығында үлгілі үйлер аз емес. Солардың бірі Гагарин көшесіндегі 14-ші үй. Мұндағы ауланың тазалығына жергілікті жұрт сүйсіне қарайды. Мүлік иелері бірлестігі төрағасының айтуынша, бұл - тұрғындардың ортақ жетістігі.