Хабар телеарнасы

Алматы облысында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері 300 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 10 мың түп ағаш отырғызылды. 25 мыңға жуық белсенді саябақтар мен гүлзарларды және тас жолдардың бойын тазартып, ауыл ішін абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

Балжан Ерболқызы, Жамбыл ауданындағы жастар ресурстық орталығының басшысы:

- Мұндай акциялар біздің елді мекенде көптеп жүргізіліп тұрады. Биылғы жылы біз енді 90-дай жасты «Жасыл ел» еңбек жасақтарының, тазалық акцияларының жұмыстарын жүргізу мақсатында, жаздық маусымдық жұмыс мақсатында біраз жасты жұмыспен қамтыған болатынбыз. Қазір енді осы аталған шараға екі колледждің студенттері атсалысуда.