«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Қаратал өзенінің бойы тазартылды
«Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Талдықорғанды қақ жарып ағатын Қаратал өзенінің бойы тазартылды. Аптап ыстықта көпшілік суға шомылатын жағажай аумағы да ретке келтірілді. Мемлекеттік және коммуналдық мекеме жұмысшылары мен қоғам белсенділері саябақтағы ағаштардың түбін де әктеп, орындықтарды сырлады. Жалпыұлттық экология акциясы басталғалы қаладан 4 875 тонна қоқыс шығарылған. Сенбілікке 103 мыңнан аса адам қатысып, облыс аумағына 29 мың 514 түп ағаш отырғызылды.
Қуаныш Сейтімбетов, қала әкімінің орынбасары:
-«Таза Қазақстан» акциясымен 900 ағаш отырғызылды. Жыл соңына дейін 5 мыңға дейін ағаш отырғызу жоспарымызда бар. Жалпы 6500 ағаш отырғызуға мүмкіндігіміз бар.