Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Республика территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр күтілуде, оңтүстікте найзағаймен, тек шығыста, оңтүстік-шығыста және қиыр солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі болады.