Алдағы күндері еліміздің шығыс, солтүстік аймақтарында жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді. Алматыда ертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Батыс Сібірдің үстіндегі циклондарға байланысты суық атмосфералық фронттар республикамыздың көптеген аймағында ауа райын анықтайтын болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай күтіледі.