Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, ал оңтүстік аймақтың кей жерлерінде толассыз жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-батысында күн ашық болады.
Сәуір айының ауа райының ерекшелігі атмосфералық процестердің тез өзгеруінде. Қазақстан аймақтары арқылы антициклондар және циклондар жоғары жылдамдықпен жылжиды.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты екпінді жел күтіледі.