Хабар телеарнасы

«Рауза 2 маусым»

«Рауза 2 маусым»

Көпшіліктің көзайымына айналған «Рауза» телехикаясының екінші маусымы қылмыс әлемінің серкесі Сакураға арналады. Жастайынан спортқа жақын болып, құқық қорғау органында қызмет еткісі келген жас жігіттің не себепті түзу жолдан тайғанын телетуындыдан бірге білеміз. Жауына айналған бала кезгі досы Болатпен арадағы текетірес біраз жазықсыз жанның өліміне себепші болмақ.

Сакура қызы үшін қылмыс әлемімен қош айтыса ала ма? Киллерге айналған Кешаның тағдыры не болмақ? Жынды Маңқаның тірі екені рас па? Бірге тамашалайық! 

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 10-бөлім

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 10-бөлім

Сакураның кегін өз пайдасына шешкісі келген Соня онымен серіктес болуды қалайтынын жеткізеді. Ал Була Раузаға көз тікпек. Сакура қандай шешім қабылдайды? Соня Кешаға қандай талап қояды? 

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 9-бөлім

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 9-бөлім

Сакура Алдардың көмегімен Муркамен кездеседі. Әкесінің өліміне қатысты кек қайтарғысы келген Сакура ақиқатқа жетуді көздейді. Ал досы Буланың былықтары мен сатқындығы жанына қатты батады.  

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 5-бөлім

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 5-бөлім

Муханың інісі Сакурадан кек алмақ ойда. Ал Сабина Раузаның тірі екенін естіп, дереу кездесудің амалын жасайды. Бірақ оған Сакура онша қуана қоймайды. Арай мен Сабинаның көздегені не? 

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 4-бөлім

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 4-бөлім

Журналист Жұлдыз Сакураның ізіне түсті. Ол туралы барлық ақпаратты жинау үшін Сакураның қас жауы Муханың баласын да тауып алды. Бұл зерттеудің соңы неге апарар екен? Ал снайпер жігіт Сабинамен жақындасып, сол арқылы Раузаға шықпақ. Жоспары іске асар ма екен? 

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 2-бөлім

«Рауза. Сакураның гүлдеуі» телехикаясы. 2-бөлім

Кешаның өмірі түбегейлі өзгермек. Сакура өзіне қастандық жасағысы келген киллердің кім екенін сезетін сияқты. Оның ескі досы оған соғыс жариялаған көрінеді. Ал жындыханадағы Маңқаның жағдайы қалай?