«ШЫЖҒЫРУ»
Ара-тұра экзотикалық тағамдарға жерік болатын әдеті бар Ұлтудың кезекті «капризінің» де уақыты келеді. Бұл жолғы жерік заты – бұлдырықтың еті. Мұқаш ауыл аймақты аралап, бұлдырықтың етін таппай үйге оралады. Арты айқайға ұласып, Ұлту «төркініме кетемін» деп Науат апаның үйіне кетіп қалады.