Мемлекеттің мерейі де, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы да бір ғана құжатпен айқындалады. Ол – Ата Заң. Бүгін біз ел тарихындағы жаңа белестің табалдырығында тұрмыз. Конституциялық реформа – әр азаматтың тағдырына, мүмкіндігіне және болашағына тікелей әсер ететін маңызды бетбұрыс. Қоғамда осы өзгерістерге қатысты сан түрлі сауал бар. «Ата Заң» бағдарламасында біз сол сауалдардың жауабын іздеп, әр баптың астарына үңіліп, оның мәні мен маңызын терең талдап көреміз.