Елімізде ең көп пәтер жалдап тұратын аймақтардың көш басында елорда мен Алматы қаласы тұр. Жұмыс орындарының көптігі, жоғарғы оқу орындарына келген студенттердің саны пәтер жалдаушылардың қатарын көбейтеді. Ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтерлердің шаршы метрі орта есеппен 2500 теңге болса, Алматыда 2600 теңгені құрайды. Негізінен пәтер жалдаушылардың 80% барлық жағдайы жасалған көпқабатты пәтерлерге орналасады, тек 20% ғана жер үйлерді паналайды.