Жарты әлемді жалмаған сұрапыл соғыстың зары қазақ ән өнерінде бірнеше кесек туындыны дүниеге әкелді. Осы сарындағы Ұлы Отан соғысынан баласы оралмай қалған аналардың жасы тұнған «Ана туралы баллада» әні – Жақсыгелді Сейіловтің төл туындысы. Соғыстан кейін ел еңсе тіктеп, етек-жеңін жинап үлгерген 70 жылдары туса да, тыңдаған жанды еріксіз мұңға жетелейді. Бұл ән – мұңайта тұрып жұбататын, әлеует-әуезі бөлек кесек шығарма.
«Ана туралы баллада» қалай туды? «Бір туынды тарихы» циклінде!