1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген. Осыған орай қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан ары нығайту бойынша нақты міндеттер және Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жайлы «Бүгін» бағдарламасынан біле аласыздар. Студия қонақтары:1. Марат Әбсемет, тарих ғылымдарының докторы, профессор2. Оразкүл Асанғазықызы, қоғам қайраткері3. Сырым Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты4. Елизавета Седышева, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің студенті5. Алла Чечеткина, Молдаван этно-мәдени бірлестігінің мүшесі