Қазақстанда жұмысшы мамандарға сұраныс жылдан жылға артып келеді. Кәсіптік-техникалық білім алған, жұмыс істеуге дайын кадрлар жетіспейді. Бұл олқылықтың орнын қалай толтырамыз? Жұмысшы мамандығын меңгеріп, еңбек нарығында жылдам жұмыс табудың жолы қандай? «Бүгін» бағдарламасында осы тақырыпты талқылаймыз.
Студия қонақтары:1. Санжар Тәтібеков, «Talap» КЕАҚ вице-президенті;2. Мерас Чонекбаев, «EuroSkills Graz – 2021» чемпионатына қатысушы;3. Әйгерім Тойшыбаева, «EuroSkills Graz – 2021» чемпионатына қатысушы;4. Дина Афанасьева, «EuroSkills Graz – 2021» чемпионатының жүлдегері;5. Айжан Зияданова, «Веб-дизайн және әзірлеу» құзіреттілігі бойынша сарапшы;6. Маржан Аябекова, блогер.