1991 жылдың 18 қарашасында шетелдегі этникалық қазақтарды Атамекеніне көшіру туралы Қазақ КСР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Тарихи шешімдің қабылданғанына биыл тұп-тура 30 жыл толды. Содан бері бүгінгі күнге дейін елімізге Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан және тағы басқа алыс-жақын шет мемлекеттерден 1,5 млн-нан астам қандас бауырымыз Атажұртқа оралды.«Бүгіннің» алаңында талқылайтын тақырыбымыз – Атажұртқа оралған қандастардың жай-күйі.
Студия қонақтары: 1. Қайрат Бодаухан, С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетінің профессоры;2. Ғалым Үлкенбай, ақын;3. Ауыт Мұқибек, қоғам қайраткері;4. Гүлмира Нұрбаева, «Отандастар қоры» КЕАҚ қандастарды ақпараттық қолдау департаментінің басқарушы директоры.