Не жұмысы жоқ, не оқуы жоқ жастарды қазір ағылшын тілінде осылай NEET жастар деп атау үрдіске айналған. Осындай жастардың көбейіп, мұндай әлеуметтік топтың кең тарауына не себеп? Жастарды жұмыс және оқумен қалай қамтамасыз етуге болады? Жас буынның белсенділігін арттыру үшін не қажет? Осы және өзге де сауалдарға «БҮГІН» бағдарламасында жауап іздейтін боламыз. Студия қонақтары:1. Аян Ерментаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары2. Самал Атагелді, бизнес тәлімгер3. Жанар Нақыпбаева, әлеуметтанушы 4. Бақдәулет Жанділдаев, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Jas Otan» жастар қанаты елордалық филиалының төрағасы, «Astana - аdaldyq alany» жобасының жетекшісі5. Ләззат Разбекова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Технологиялық колледжінің директоры