Мемлекет жастардың баспаналы болуына мүмкіндік жасап жатыр. Мәселен, осы уақытқа дейін «Алматы жастары», «Елорда жастары» және «Арендалық баспана» бағдарламалары жүзеге аса бастады. Осы уақытқа дейін қолға алынған тұрғын-үй бағдарламалардың нәтижесі қандай? Жастардың баспаналы болуына мүмкіндік жасалған ба?Осы және өзге де сауалдарға «БҮГІН» бағдарламасында жауап іздейтін боламыз. Студия қонақтары:1. Шахмардан Байманов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары2. Дәулет Мұқаев, блогер3. Ләззат Жанмолдаева, экономист4. Арманай Оңғарбаева, Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй қоры және тұрғын үй басқармасы мен инспекциясының баспасөз хатшысы5. Мақсат Серәлі, экономист