«Қолда я жолда» шоуы адамның сезімін, ойын барысында адамдардың қалай әрекет ететінін, әртүрлі ұтысқа ие болған кезде қандай көңіл-күйде болатынын көрсетеді.
Қатысушылар – әлеуметтік деңгейдегі адамдар. Олардың арасында жүлделер ойнатылады. Сондықтан жобаның әлеуметтік маңыздылығы өте жоғары. Өйткені қарапайым адамдар бағдарламаға қатысып, өздерінің қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін негізгі 3 000 000 теңге ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.