«Мерейлі отбасы 2021». Самарбаевтар әулеті /Нұр-Сұлтан қаласы

  • 954
  • 12.09.2021, 13:00

«Бақытты отбасы» дегенде көпшілігінің көз алдына қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. «Мерейлі отбасы 2021» ұлттық байқауының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеңімпазы – Самарбаевтар әулеті соның бірден бір көрінісі. Отағасы Сұңғат Байғожаұлы 1982 жылы Ақмола облысының Бурабай ауданында дүниеге келген. Қазақ-түрік лицейінде білім алып, кейін Қазақ Ұлттық техникалық университетінің Мұнай-газ факультетін тәмамдаған.