«Мерейлі отбасы 2021». Тәжімұратовтар әулеті /БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылы

  • 981
  • 12.09.2021, 13:16

Бөрлі ауылындағы Тәжімұратовтар әулеті биыл «Мерейлі отбасы 2021» ұлттық байқауында Батыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаз атанды. Үйдің отағасы Нағим Тәжімұратов 1956 жылы дәл осы ауылда малшының отбасында дүниеге келген. Ата-анасы мал бағып күнелткенімен, балаларының оқып-тоқуына жағдай жасай біліпті. Нағим Тәжімұратов сол аумақтағы мектеп-интернатта білім алады. 1975 жылы әскери борышын өтеу үшін Венгрияға жолданады. Екі жылдан соң елге оралып, еңбекке араласады. Алайда алдымен малға емес, Алматыға барып құрылыс саласына бет бұрады.