Адамға көмек көрсетіп жүрген дәрігерлердің шұғыл түрде өздеріне көмек керек. Елімізде ақ халатты абзал жандарды адам құрлы көрмей, жұдырық ала жүгіретіндер көбейіпті. Жұдырық дейміз-ау, тіпті суық қару ала жүгіретіндерді де көрдік. Сонда біздің қоғамда дәрігерлердің дәрежесі соншалықты төмен түсіп кеткені ме?! Қайтсек олардың мәртебесін арттырамыз?