Жасанды интеллектінің болашағы зор бағыттарының бірі – нейрондық желілер. Қазірдің өзінде олар бизнес, экономика, медицина және қауіпсіздік салаларында кеңінен қолданылып жүр. Жобаның мақсаты – көрерменді нейрондық желілердің күнделікті өмірде қолданылуының озық жетістіктерімен танымдық әрі қолжетімді түрде таныстыру.