Есімі елге қадірлі қазақ қыздарының құрметіне!
Әмина Өмірзақова дегенде үлкен көздері күлімдеп, маңайындағыларға шуақ нұрын шаша қарайтын қарапайым ана келбеті көз алдымызға келіп тұра қалады. Ол – асылдың сынығы. Ол – әлемнің анасы, қазақтың анасы, Тайлақтың анасы. Ол – әзиз ана бейнесін ел жадына мәңгілікке жазып кеткен дара тұлға. Оның ғибратты ғұмыры өзгеге өнеге.
Кино әлемінің қарлығашы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай «Тарих. Тағдыр. Тұлға» бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз!