«Кім мықты?» бағдарламасының түсірілім алаңы
Жуырда «Хабар» телеарнасы өз көрермендерін жаңа тың туындымен қуантпақ.
«Кім мықты?» деп аталатын бағдарламаның мақсаты – көрерменге аға буын мен жастар арасындағы айырмашылықты, яғни олардың зияткерлігін, көзқарастарын, түсініктерін көрсету. Бағдарлама арқылы көрермен өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік алады, сондай-ақ кейінгі ұрпақ өкілдері классикаға, тарихқа, мәдениет пен дәстүрге тереңірек үңіледі. Ал аға буын керісінше, заманауи мәдениеттен, гаджет, жаңа технологиялар мен сәннен хабардар болып, қазіргі заман ағымынан еш қалыспайтындарын дәлелдейді.
Әзірге назарларыңызға түсірілім алаңынан фотосуреттер топтамасын ұсынамыз.