Жауынгер Сабырғали Құсенов 100 жасқа толды
Сабырғали Құсенов 1939 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Гродно қаласында борышын өтеген. 1941 жылғы суыт хабарды естігенде, ойланбастан Отанын қорғауға аттанады. Брянск пен Мәскеу түбіндегі кескілескен шайқастарда жасындай жарқыраған жауынгер 10-атқыштар взводына командир болып тағайындалады.
Батыр ата Латвия, Беларусь жерлерін азат етуге қатысқан. Көзсіз ерлігі үшін 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» және 3 бірдей «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Сабырғали Құсенов елге оралған соң да 40 жылдай өртке қарсы қызметте жемісті еңбек етті. Қазір қазыналы қарт 5 баласынан өрбіген немере-шөберелерінің қызығын көріп отыр.
Сабырғали Құсенов, ҰОС ардагері
-Жастарға денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Алла тағала бәріне де менің жасымды берсін. Жұмыстары жемісті болсын істеп жатқан. Еңбекте қажымай, жұмыстарын халқымызға көрсете берсін.