Жауынгер хаты мұражайға тапсырылды
Автор шығармасында ауыл жастарын өз елін сүйіп, Отан үшін жан аямай еңбек етуге шақырыпты. Сарғайған хаттарды оның жары өмір бойы сақтап келген. Әжелері өмірден озған соң немерелері бұл деректерді Семейдегі әскери даңқ мұражайына тапсыруды жөн санапты. Барлығы 30 шақты хат өткізілді.
Жеңіс солдаты туған ауылы Ақшатаудан 1941 жылы Отан қорғауға аттанып, Жеңіс күніне жете алмай хабарсыз кеткен. Хаттар кирилл, латын және төте жазумен жазылған. Мұражай қызметкерлері хабарсыз кеткен жауынгер туралы мәліметтерді нақтылап, жан-жаққа сұрау жолдамақшы.
Сансызбай Құлтуманов, мұражай қызметкері
-Осыны біз сұраймыз ғой: «Неге алып келмедіңіз, неге ертерек әкелмедіңіз?» деп туысынан. «Менің мамам оны бермей қойды», - дейді. Содан кейін мамасы қайтыс болған соң, осы хатты әкеліпті. Хатта мынандай қызықты жайттар бар. Ол кісі жастарды соғысты жеңуге, сол үшін жұмыс істеуге шақырады. Хаттың артына жазады: «Жағдайларыңыз болса, газет нөміріне шығаруларыңызды сұраймын», - деп. Біраздан кейін дұрыстап, өңдеп, қарап, газет бетіне береміз деген ойдамыз.