«Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз!»
1941 жылы 15 желтоқсанда Ақмолада жасақталған 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі әскери шерудің басты белгісіне айналған. 92 тәулікте ту көшірмесі еліміздің 25 қаласын аралап, Жеңіс күні Астанада желбірейді. Тарихи деректерге сүйенсек, ІІ дүниежүзілік соғыс басталғанда, бұл жауынгерлік тумен 29 дивизияның сарбаздары шабуылға шыққан.
Әскери-патриоттық эстафета барысында олардың ерлігі ұрпаққа үлгі болмақ.
Қалиақпар Тоқышев, ҚР Ұлттық Ұлан гвардиясы ардагерлер кеңесінің төрағасы
-Жеңіске жеткізген біздің ата-бабаларымыз. Оны ешқашан ұмытуға болмайды.72-ші атқыштар дивизиясының туын жуырда тапсырған. Сол тумен эстафета бойынша Қазақстанның түпкір-түпкіріне, сондағы әскери бөлімдерге алып барып, аталарымыздың осы жеңіске жеткізгенін ұрпақ сақтап қалуға тиісті.
Ерзат Жармұханбетов, 5573 әскери бөлімінің взвод командирі
-Осындай шаралар арқылы біз жас ұрпақтың отанға, елге деген патриоттық сезімін оятамыз. Осы біздің ата-бабаларымыздың бізге қалдырған осындай мұрағатты, яғни жауынгерлік туларын қадірлеп, қастерлеуіміз керек.