«Жеңіс таңбасы» ел ішін аралап жүр
10 мың шақырымды артта қалдыратын таңба еліміздің 25 елді мекенін аралап, Астанада өтетін шеруге жеткізіледі. 3 ақпан мен 5 мамыр аралығында өтетін акцияның басты нышаны - 1941 жылы 15 желтоқсанда жасақталған 72 гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жалауының көшірмесі. Оның түп нұсқасы Ресейдің Қарулы күштерінің орталық мұражайында сақталған. 72 гвардиялық атқыштар дивизиясы, Сталинград шайқасына қатысқан. Қарағандыда өткен шарада аталмыш дивизияның соғыста көрсеткен ерліктерінің көрінісі бейнеленді.
Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысы
- Біз қазір жастардың арасында үлкен тәрбиелік жұмыс өткізуіміз, Қазақстанның патриоттық сезімін тәрбиелеуіміз керек, олар ертең болашақта біздің Тәуелсіздігімізді, Отанымызды сақтайды.