Қарағанды облысының Саран шахтасында кенші қаза тапты. Өңір жаңалықтары
Қарағанды облысы Саран шахтасында кенші қаза болды. Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында кенші мерт болды. Бұл туралы «Қармет» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша 1980 жылғы азамат бекіту бұрандасын жалғау кезінде көз жұмған. Жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Шымкентте толассыз жауын салдарынан 3 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.
Арнайы бригада 3 сағаттың ішінде ақауды анықтап, төрт шағын ауданға электр жарығын қайта қосты. «Қазгидромет» болжамына сәйкес шаһарда ертең де жаңбыр жауады, соңы қарға ұласуы ықтимал. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көшелерді лай судан тазартып жатыр.
Соңғы екі күнде Семейде күн күрт жылынып, көшелер мен бірнеше ауланы су басқан.
Мамандар: «Бүгін жағдай қалыпқа келтірілді»,- деп отыр. Қала көшелерінен 3 тәулікте шамамен 7 мың текше метрден астам еріген қар суы алынды.
Петропавлда 7 шағын аудан мен 120-ға жуық жер үй су астында қалуы мүмкін.
Тұрғындарға еріген қар суымен қатар Есіл өзені де қауіп төндіріп тұр. Қазір белгіленген аумақтар мен суағарлар қардан тазартылып жатыр. Көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстарына 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.