«Біз – Жеңіс ұрпағымыз» эстафетасы Петропавлға жетті
Салтанатты шараға екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Тағылымы мол шара барысында жиналғандар Ақмола облысында құрылған дивизияның қан майдандағы ерліктерін айтып, өскелең ұрпаққа үлгі етті.
Жұмабек Ахметов, ҚР Ұлттық Ұланы әскери институтының басшысы
-Осы эстафета Астанадан 55/73 әскери бөлімінен басталды. Ол да елеулі оқиға деп айтуга болады. Себебі Елбасы, Жоғары Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі сол әскери бөлімді ашқанда жауынгерлік туды табыс етті.