Балқаш аумағында браконьерлік тыйылмай тұр
Браконьерлік тиылмай тұр. Тек соңғы айда 20 жағдай тіркелген. Инспекторларға көмектесу үшін авиация жұмылдырылды. Айналаны шолу «Ми-8» тікұшағы арқылы жасалды. Балқаш ауданы - Қазақстандағы ірі өзеннің бірі Іленің атырабында орналасқан. Өңір био-ресурсқа бай. Сондықтан ол жақта аң, балық аулауға рұқсат етілген. Бірақ көпшілігі заңды ескере бермейді. Арнайы лицензия алмайды, тиым салынған жерлерге аңға шығады.
Валерий Шель, Алматы облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы:
Соңғы айда әкімшілік те, қылмыстық істер де қозғалды. 20 дерек тіркелді. Ешқандай рұқсатсыз қырғауыл, қоян атып, балық аулаған. Авиацияның көмегі көп. Машинамен үлкен аумақты аралап шығу қиын. Ал тікұшақпен бір күнде Балқашқа дейін барып, түгел қарап шықтық. Кім қайда бара жатыр, қандай заң бұзушылық бар, барлығын байқауға болады.