Балқашта «Таза Қазақстан – экологиялық мәдениет» атты көшпелі кітапхананың жұмысы басталды
Балқашта «Таза Қазақстан – экологиялық мәдениет» атты көшпелі кітапхана өз жұмысын бастады. Ішінде кітаптары бар кең киіз үй халық көп жиналатын «Жастар» алаңына тігілген. Мұнда оқырманға табиғат туралы туындылар ұсынылады. Келушілер викториналық сұрақтарға жауап беріп, зияткерлік қабілетін де сынай алады. Ерекше кітапханада қоқысты сұрыптап салуды да үйретеді. Кітапхана жұмысы 1-қыркүйекке дейін жалғасады.
Балшырын Мұхаметжанова, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры:
- Экологиялық мәденеитті қалыптастыру, оны сақтау, тұрғындардың назарын қала тазалығына аудару, сүйіспеншілігін ояту, қоршаған ортаны аялауды мақсатқа ала отырып біз осы жылжымалы кітапхананы ұйымдастырып отырмыз. Экологиялық мәдениет неден қалыптасады? Әрине, білімнен. Ал білімді кітаптан аламыз.