Ақтөбеде алаяқ 6 жылға сотталады
Ақтөбеде салымшыларды тақырға отырғызған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Тергеу кезінде айыпталушы 2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2020 жылдың ақпанына дейін 200-ге жуық адамнан ірі мөлшерде ақша алып, заңсыз қаржы компаниясын құрғаны белгілі болды. Жалпы жинақ сомасы 1 млрд теңгеден асқан. Қаржы пирамидасы ақшалай салыммен қатар, көлік те саудалаған. Нарық құнынан арзан сатып, қымбатырақ аламыз деген желеумен автомобиль иелеріне келісілген соманың тек бір бөлігін ғана өтеп келіпті. Айыпталушы бұл дәйектердің бәрін растап, кінәсін толықтай мойындап отыр.
Динара Гильманова, қалалық соттың судьясы:
- Томин Берік Болатбайұлын қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Оған қатысты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әрі коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жылға дейін басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.