Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды
Экс шенеунік ендігі 10 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшы мен қос қосшысын пара алып жатқан жерінен ұстаған. Сот отырысында күдіктілер кінәлі деп танылып, олар он және он бір жылға бас бостандығынан айырылып кете барды.
Балалардың аузынан жырып, қомақты қаржыны қалтаға басатындар білім саласында жетеді. Соңғы үш жылда елімізде осы салада 300-ден астам сыбайлас жемқорлық дерегі анықталып, 192 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Атышулы оқиғаның бірі биыл болды.
Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы 80 млн теңге парамен ұсталса, есепшісі одан асып түсіп, бір млрд теңгемен қашып бара жатқан жерінен қолға түсті.