Жезқазғанда 600-ден астам азаматты алдаған қаржы пирамидасының жолы кесілді
Абай болыңыздар! Жезқазғанда 600-ден астам азаматты алдаған қаржы пирамидасының жолы кесілді. Күдікке ілінген Алматы, Астана және Жезқазған қалаларының 4 тұрғыны жымысқы әрекеттерін криптовалютаға инвестиция тартамыз деген желеумен жүзеге асырып келген. Алдын-ала мәлімет бойынша сан соғып қалған салымшылардың қаржысы 125 млн теңгеге жуықтайды. Тәртіп сақшылары «алданғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін», - дейді. Себебі, қаржы пирамидасының жұмысы жарты жыл бұрын басталған көрінеді.
Ізбасар Жұмажанов, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
- Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.