Талдықорғанда коттеджді қалашық құрылысына қатысты қалалық әкімдіктің екі қызметкері ұсталды
Сонымен қатар құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау бөлімінің екі маманы қамауға алынды. Оларға аса ірі көлемде мемлекет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Істі тексеріп жатқан облыс прокурорлары күдіктілердің мердігер мекемеге 500 млн теңгені негізсіз аударып, жұмысты қабылдағанын анықтаған. Естеріңізге сала кетейік, шаһар аумағындағы коттеджді қалашықта 600-ден аса үй салынуы керек еді. Алайда құрылыс аяқсыз қалып, күні бүгінге дейін созбалаңға салынып келеді. Ал пайдалануға берілген баспаналар сапасыз болып шықты.
Ләйлім Әбілмәжінова, облыс Прокурорының көмекшісі:
-Осы факт бойынша қылмыстық Кодекстің 189 бабы, 2-ші тармағы, 4-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бес лауазымды тұлға қамауға алынды.