«Қазақфильм» мен Nomad Stunts ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы мен Nomad Stunts халықаралық каскадёрлік агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұдан былай атақты каскадёрлер тобының қыз-жігіттері отандық ірі кинокомпанияның болашақтағы барлық жобаларына атсалысады. Олар бүгінде әлемге әйгілі. Олар АҚШ-тың Голливуд, Үндістан, Ресей және Түркия киностудияларымен жұмыс істейді. Ұжымды 2000 жылы қазақтың белгілі каскадёрі Жайдарбек Күнғожинов құрған. Олар «Мулан», «47 ронин», «Адамдар 2», «Конан» сынды әлемдік деңгейдегі киноларға түскен. Ұжымның еңбегі еленіп, 2020 жылы каскадёрлердің оскары саналатын «Таурус» сыйлығына ие болған еді.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ президенті:
-«Қазақфильмде» болашақта үлкен жобалар жасалады. Сол жобалардың барлығында Номад командасы болса, бұл «Қазақфильм» үшін де, біздің көрермен үшін де өте үлкен мәртебе деп білемін.