Елордалықтарды 450 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
«Жарты жылда үй аласыз»,— деп елордалықтарды 450 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды. «Семейный капитал» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасаған. 300 мың теңгеден - 5 млн теңгеге дейін инвестиция құйса, 30-дан 60% дейінгі артық төлеммен тұрғын үй алуға болады деп сендірген. Алайда көптің күткен қоныстойы болмады. Азаматтар уәде етілген үйін де, салған қаражатын да қайтара алмады.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
-Осылайша аталған азамат жалпы соммасы 450 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына алынды. Агенттік азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.