Елде киберқылмыс саны көбейді
Телефонмен хабарласып жеткізу қызметінен яки туысыңыз қиын жағдайда екенін айтып, ақша аударуды сұраса, бірден сенбеңіз. Бұл онлайн тонау болуы мүмкін. Қазір киберқылмыс, интернет-алаяқтық, хакерлердің теріс әрекеттері көбейді. Өкінішке қарай, елімізде хакерлік қылмыстардың көбі сотқа жетпейді. Биыл 106 дерек анықталса, оның 3-еуі ғана сотқа жіберілген. Әзірге өтемақы көлемі тіркелмеген. Интернет-алаяқтық бойынша 9462 қылмыс тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен. Бірақ ақпараттық қауіпсіздікті бұзу 46% жоғарылаған. Яғни 8,5 мыңдай дерек тіркелсе, құпия ақпаратқа қол жеткізу бойынша көрсеткіш — 258. Киберқылмыс та 15% жуықтаған.
Сүйінбай Жандос, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы:
-Ағымдағы жылы министрлік киберқылмысқа қарсы іс–қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Мысалы, Павлодар облысы ПД «CyberPol» нысаналы тобы банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық әрекеттер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруды ұйымдастырған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.