Шымкентте жалған шот-фактура жасағандар сотталды
Шымкентте жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан 2 азаматтың ісі бойынша сот үкімі шықты. Олар 6 компания құрып тек қағаз жүзінде ғана жұмыс жасаған. Күдіктілер алаяқтық әрекетті 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейін жүзеге асырған. Осы аралықта жасаған ақша айналымы да қомақты. Оның көлемі 2,1 млрд теңгеден асады. Оған қоса мемлекетке салық төлемеген. Келтірілген шығын 700 млн теңге.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
-ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері нақты жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекетін әшкереледі. Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.