Мұнай өнімін ұрламақ болғандар ұсталды
Мұнай өнімдерін теңіз арқылы заңсыз шетелге шығармақ болғандар ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнаулы мақсаттағы қызметі мен Түркістан облысының прокуратурасы бірлесіп қарақшылық жолымен мұнайды тонамақ болғандардың әрекетіне тосқауыл болды. Астана, Шымкент қалалары және Түркістан мен Маңғыстау облыстарында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.