Қостанайлық полицейлер ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі
Қылмыстық топ арнайы операция кезінде анықталған. Тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан 11 адам бір мезетте ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде тәртіп сақшылары 58 келіден астам марихуана тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 миллион теңгеден асады. Күдіктілер есірткіні жалға алынған гаражда сақтаған. Сол жерде шағын дозаларға бөліп сатып отырған.
Юрий Михальцов, полиция департаментінің аға жедел уәкілі:
- Ең жас қылмыскер — 22 жаста. Ал үлкені — 54 жаста. Қазіргі уақытта 5 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзгелеріне тұрғылықты мекенжайынан ешқайда кетпеу туралы шара қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.