Таразда сәбиді саудалағандар сотталды
Таразда жаңа туған сәбиді сатып жіберген медицина қызметкерлері 8 жылға сотталды. Еске салсақ, қала прокурорлары нәресте сату дерегін биыл қаңтар айында анықтаған. Шу ауданының 35 жастағы тұрғыны түсік жасатпақ болып перзентханаға барады. Жағдайды оңтайлы пайдаланған көпбейінді аурухана дәрігерлері балалы бола алмай жүрген тұрғынды тапқан. Сөйтіп нәрестені 1,5 миллион теңгеге бағалап, сатып жібереді. Адам саудалағандар құжаттарды реттеу барысында ұсталды.
Досхан Қанабек, прокурор:
-Аталған дерек бойынша Қылмыстық Коддекстің 135-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.