Хабар телеарнасы

Қылмыстың жеңілі болмайды

Жаңа туған сәбиді қоқысқа тастап, кейбірі әйелін көкала қойдай сабайды. Бұл – қылмыс емес, жай ғана әкімшілік құқықбұзушылық. Иә, елімізде Қылмыстық теріс қылықтар институты жұмысын бастағалы, «жеңіл» және «орташа» заң бұзушылық деп аталатын әрекеттер көбейгені рас. Заңға өзгерістер енгізіле ме? Әріптесім Диана Қадыр осы мәселеге кеңірек тоқталып көрсін. Жиынға келгендер қандай кодексті талқылады? Кімдер қатысты? Қандай ұсыныстар айтылды?

–Рақмет, Сағыныш. Иә елордада мемлекеттік орган өкілдері мен халықаралық сарапшылар бас қосып, осы әкімшілік құқықбұзушылықтардың жазасы жеңіл екендігі талқыланды.

Кеш жарық, көрермендер! Жеке адамды есепке алмағанда, жалпы қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін іс-әрекеттерді қылмыстық теріс қылық деп қарастырады. Салдарынан кәмелетке толмаған балалар мен әйелдер көп зардап шегуде. Біз қылмысты бөлек, құқықбұзушылықты жеке қарауды 2014 жылдан бастадық. Себебі сол кезде «қылмыстық теріс қылықтар институты» енгізілді. Сарапшылардың айтуынша, тасжүрек ана жаңа туған сәбиін тірідей қоқыс жәшігіне лақтырса да ол үшін қамалмайды. Ал ұрып-соғудың құрбаны болып жатқан балалар мен әйелдер тағы бар. Ал заң бұл әрекеттерді әкімшілік құқықбұзушылық деп қана есептейді. Одан бөлек, жергілікті судьялардың еркіндігі тағы бар. «Сондықтан кей істер бойынша бұрмалаулар да болады»,— дейді сарапшы. 

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Қылмыстық теріс қылықтар институты қалдыру керек пе, жаңадан енгізілген кезінде әлде алып тастау керек пе? Осымен екінші рет жиын өткізіліп отыр. Заңның жергілікті жерде теріс орындалуының салдары. Мысалы, соттар, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеміз дедік та, біз мүлдем халықтың алдындағы жауапкершілікті жойып тастадық. Түсінікті болуы үшін айтайын, Америка Құрама Штаттарында көптеген судьялар халықтың сайлауы арқылы келеді қызметке. Тиісінше халық алдында жауапты болады. 


Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, тұрмыстық-зорлық, жалпы құқыққа қайшы әреке,ттер, жала жабу, тіпті ұрып-соғу — барлығы тек әкімшілік құқықбұзушылық. Оның жазасы жеңіл. Айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе бас бостандығы шектеледі. Ал бұл әрекеттерді «орта және ауыр» деп қарастырсақ, қылмыстық іс қозғалады. 

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:
-Неліктен бірқатар әкімшілік құқық бұзушылық, бізде әкімшілік қатарына белгіленген деп сұрақ туындап отыр. Неліктен құқықбұзушылық болып саналмайды дегендей. Мысалы, 73 бап, 73.3 бап денсаулыққа зақым келтірген кезде. Егер Қылмыстық кодекске назар аударған кезде 106-107 бап олар тек қана орташа және күрделі зақым келген кезде тиісті жауапкершілік көрсетіледі. Қылмыстық кодексте бас бостандығынан айыру мен қатар шектеу шарасы қарастырылған.

Ал Полиция қызметкерлері күн сайын 300-ге жуық шағым түсетінін айтады. Өкінішке қарай жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 80 әйел көз жұмады. 150 әйел ауыр жарақат алса, 200-і орта дәрежедегі, ал 4 мыңнан астам әйел жеңіл жарақат алады. Оның ішінде бала мен әйелді сабау, мүгедектікке душар ету, тіпті кісі өлтіру фактілері бар. Бүгінгі жиында билік осы институтты және оның салдарын жоюға талаптанып көрді. Айтылған ұсыныстар Мәжіліске жолданады. Мендегі бар ақпарат осы.