Қайрат Сатыбалды кінәсін толығымен мойындады
Кәсіпкер Қайрат Сатыбалды кінәсін толығымен мойындады. Астанадағы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ол, айыптау актісінде көрсетілген 88 млрд теңгені жымқырғанын жоққа шығармады. Бұл жолы Сатыбалдыға «қылмыстық жолмен алынған ірі көлемдегі ақшаны заңдастырды» деген айып тағылды. Кәсіпкер бұл сомаға шетелден жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, қалғанын есепшотына салған. Сот отырысында ол шығынды толық өтеуге келісті. Судья процессуалдық келісім жасау туралы мәселені шешуге уақыт берді. Сондықтан сот отырысы кейінге шегеріледі. Айта кетейік, қазір Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтеп жатыр. Бұған дейін оның мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.